Варшавада G-Global бастамасына арналған халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қыркүйек айында Польша астанасы Варшавада «G-Global Халықаралық форумы: жаһандық бастамалар тұғырнамасы» атты
None
None

G-Global бастамасын, VI Астана экономикалық форум жұмысының қорытындысын, Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясын талқылайтын Халықаралық форум өтеді. Аталған келісімге ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы С. Нөгербеков және Польшадағы Қазақстан Республикасының Елшісі Е. Өтембаевтің польша елінің қоғам өкілдерімен, сарапшы, саясаткерлерімен кездесуі барысында қол жеткізілді. Бұл туралы Астана экономикалық форумының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен G-Global коммуникативті алаңының құрылуы, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясы және 2013 жылдың 22-24 мамырында өтетін VI Астана экономикалық форум польшалық әріптестердің қызығушылығын тудырды. 2013 жылдың 7-8 наурызында ҚР Варшавадағы елшілігінің ықпал етуімен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы жетекшілерінің Еуропаға сапары кезінде сенатор С. Нөгербеков және Елші Е. Өтембаев польша елінің үкіметі, парламенті және өңір жетекшілерімен, танымал сарапшыларымен, экономистер мен саясаткерлерімен келіссөздер өткізген болатын. Соның барысында польшалық әріптестер әлемдегі экономиканың дамуындағы қазақстандық бағалаумен және екі елдің экономикалық байланыстарына бағытталған болашақ ынтымақтастық бағытымен танысты. Польша Республикасы сенатор Серік Нөгербековтың Варшавада қыркүйек айында конференция өткізу туралы ұсынысын қолдап, мақұлдады», делінген баспасөз баянында.

Кездесу барысында, С. Нөгербеков АЭФ жұмысы туралы, Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясы бастамасы туралы және ғаламдық даму мен заманауи экономиканың негізгі мәселелерін жан-жақты ашық талқылауға мүмкіндік беретін G-Global инфокоммуникативті алаңының қарқынды дамуы туралы толық ақпарат берді. Польшаның Қазақ елімен ынтымақтастық орнатып, ғаламдық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуде болашағы зор еуропалық алаңына айналатындығы үлкен серпіліс тудырды.

Осылайша, Вице-премьер-Польшаның экономика министрі Януш Пехочиньскийдің (Janusz Piechocinski) пікірінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының және өзге де Халықаралық беделді серіктестердің қолдауымен Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясын ұйымдастыру, ол әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға деген жоғары сенімділігінің белгісі. Польша бизнесмендері үшін Қазақстан - ТМД елдеріндегі экономикасы мен саясаты тұрақты мемлекет қана емес, сондай-ақ Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингісі аясындағы Қазақстанның әділ жоғары бағаларын қолдайтындықтарын да жеткізді. «Польшада Қазақстанды экономикасы сәтті негізделген бірегей әрі тәуелсіз ел ретінде танып, дамуын қызығушылықпен бақылаймыз»,- дейді Пехочиньский.

Сондай-ақ, бұған дейінгі жылдары ұйымдастырылған АЭФ-ның польшалық қатысушылары, форумның жоғары ұйымдастырушылығы мен мазмұндық деңгейін ерекше атауда.

Польша елінің Ұлттық банк төрағасы Марек Белка (Marek Belka) да өз тарапынан АЭФ жұмысына қызығушылықпен қарайтындығын айтып, басшылық еткен ведомствоның Астанада өтетін Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясына қатысатындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар