Варшавада құқық үстемдігі мәселесі бойынша ЕҚЫҰ семинары жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Варшавада «Сот әділдігіне бағыттаудың тиімді үрдісіне ерекше мән бере отырып, ЕҚЫҰ аймағында құқық үстемдігін нығайту» тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі демократиялық институттары бюросының адами өлшемдер жөніндегі жыл сайынғы семинары ашылды.
Форумның үш күндік жұмысына ұлттық делегациялар, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың, ЕҚЫҰ-ға мүше-елдердің БАҚ өкілдері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Форумның ашылуына арналған бірінші жұмыс сессиясы барысында ЕҚЫҰ Адам құқықтары демократиялық институттары бюросының директоры Янеш Ленарчич ЕҚЫҰ кеңістігінде құқық үстемдігінің сақталуы мен оның қамтамасыз етілуінің маңызын атап көрсетті, сондай-ақ қазіргі заманғы саяси және экономикалық қауіпсіздіктер Ұйымның гуманитарлық өлшемінің негізгі құндылығы ретінде құқық үстемдігін нығайтудың қажеттілігін арттыра түсетінін атап өтті. Алдағы апта барысында форумға қатысушылар өз назарларын сот жүйесінің тәуелсіздігі, әкімшілік шешімдерді сот тарапынан тексеру, сот шешімінің орындалуы мен оның ашықтығы секілді мәселелерге аударады. Форумның жекелеген сессиясы да ЕҚЫҰ аймақтарында сот әділдігінің есептілігіне арналады.Қазақстандық делегацияның басшысы, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов өз баяндамасында «саяси және демократиялық түбегейлі өзгерістер, Қазақстанның әлемдік құқықтық кеңістікке енуі, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарды ықпалдастыру - сот жүйесін, оның ішінде әкімшілік басқару және сот әділдігін түбегейлі реформалаудың алғышарты болды», - деп атап өтті. С.Тұрсынов бұл мәселе біздің мемлекетіміздің құқықтық саясатының басты басымдығы, деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар