«Вашингтон» тұрғын үй кешені сүрілмейтін болды - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі G-park мердігер компаниясы заңсыз тұрғызып жатқан, кейін сот үкімімен сүріле бастаған «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген.

Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады», - деп жазды қалалық әкімдіктен.

Ондағы мәліметке қарағанда, «Вашингтон» тұрғын үйі бойынша құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын ресімдеу тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін ауыр техника жүргізушісі «Дублин» тұрғын үй кешенін сүруге кедергі жасағанын жазған болатынбыз.

Содан соң Астана қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібеков елордада сүрілетін «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне үлескер болған азаматтардың ақшасын кім қайтаратынын түсіндірген.


Соңғы жаңалықтар