Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру бойынша көпжақты келіссөздер өткізіледі

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында Вашингтон қаласында ҚР-ның экономикалық интеграция істері бойынша министрі Жанар Айтжанова басқарып келетін қазақстандық делегация АҚШ сауда өкілі Кеңсесінің басшылығымен Қазақстанның Бүкіләлімдік сауда ұйымына кіруінің аясындағы көпжақты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында бірқатар жүйелік сұрақтарды талқылау жоспарланып отыр, соның ішінде ауылшаруашылық саласын қолдаудың мемлекеттік шаралары, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану, сондай-ақ көпжақты үлгіде талқылау жоспарланып отырған тағы бірқатар өзге де сұрақтар бар.

ДСҰ бойынша келіссөздердің аяқталуы туралы хаттамаға ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ж.Айтжанова мен АҚШ-тың сауда өкілінің орынбасары Димитриус Марантис қол қойғаны белгілі.

Жанар Айтжанованың АҚШ-қа жасаған сапарының барысында сондай-ақ оның АҚШ Президентінің арнайы кеңесшісі Майкл Макфол мен АҚШ-тың сауда өкілінің орынбасары Димитриус Марантиспен жоғары саяси деңгейдегі екіжақты кездесулері, сонымен қатар оның 7 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында өтетін 4-ші қазақстандық-американдық инвестициялық форумға қазақстандық делегациясының басшысы ретінде қатысуы жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram