Вашингтонда Қазақстанның геосаяси жағдайларда өзгеретін сындары мен мүмкіндіктерін талқылаған семинар өтті
Іс-шараға АҚШ федералды заңнамалық органдарының, Вашингтон іскер орталары мен сараптама қауымдастықтарының 100-ден аса өкілдері қатысты.
Америкалық заңнамашылар өңірде Қазақстанның көшбасшылық рөлін, сонымен қатар, біздің мемлекетпен жүзеге асырылатын бастамалардың халықаралық танымдарын атап өтті. Конгрессмен Д. Рорабакер еліміздің геосаяси маңыздылығын және оның ірі экономикалық әлеуетін баса көрсетті, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісімнің бірегей моделін жоғары бағалады. Өз кезегінде, конгрессмен Г. Микс, Астанада «ЭКСПО-2017» өткізілуі халықаралық аренада Қазақстанның белсенді ұстанымын көрсететіндігін айта келе, АҚШ Үкіметі мен азаматтарын көрмеге қатысуға шақырды. Сондай-ақ ол визалық режімді ырықтандыру бұған барлық мүмкіндіктерді ашатынын атап өтті. Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын кұптай отырып, ол әлі күнге дейін бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі бірқатар елдерге қатысты қолданылатын «Джексон-Вениктің» ескірген өзгертулерін тез арада алып тастау туралы пікірін білдірді. М. Лалли өз баяндамасында ҚР-дың әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына енуі жөніндегі елдің басшылығының күш-жігерін атап өтті. Осы тұрғыда, АҚШ Сауда министрлігінің өкілі сауданы кеңейту және Қазақстанның экономикасын әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатын екі елдің іскер орталарының қатысуымен ү.ж. маусымда Астана қаласында табысты өткізілген бизнес-форумға назар аударды.
АҚШ-тан тәуелсіз бақылаушы ретінде Президент сайлауына үшінші рет қатысқан Халықаралық сауда және инвестиция орталығының президенті және іс-шараның модераторы Д. Витт өткен сайлауға және Қазақстанның жеткен жетістігіне жоғары бағасын берді. ҚР Үкіметімен жүзеге асырылатын «Қазақстан-2050» стратегиясына» және бес институционалдық реформаның, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, қатысушылардың пікірлерінше іс-шара АҚШ сарапшы және іскер орталарының Қазақстанға, оның жетістіктері мен ұзақ мерзімді даму жоспарларына жоғары қызығушылықтарын көрсетті.