Вашингтонда қазақтар мен америкалықтар манты әзірледі (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде қазақ ас мәзіріндегі тағам әзірлеуден шеберлік сыныбы өткізілді.
None
None

«Қазақстандық достар елші Қайрат Омаровқа және Колумбия округіндегі Вашингтондағы елшілік қызметкерлеріне қосылып қазақ ас мәзірінен тағам әзірледі. Қонақтар аспаздың жапқышын асынып дәстүрлі тағамды өз қолдарымен әзірлеу үшін қазақ шеф аспазының нұсқауларын орындады», - деп жазылған Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің Youtube аккаунтында жария етілген видеоға қосылып берілген жазбада.

Еске сала кетсек, Қазақстан мен АҚШ екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының 25 жылдығын атап өтуде. Бұған дейін Қазақстандағы АҚШ елшілігі «Америкалыққа қазақша ет ұсын - #beshintheusa» деген ация өткізген болатын.


 

Соңғы жаңалықтар