Вашингтонда «Орталық Азия, Ауғанстан және Жаңа Жібек жолы» атты халықаралық конференция өтті

ТАНА.17 қараша. ҚазАқпарат - Вашингтонда «Орталық Азия, Ауғанстан және Жаңа жібек жолы» атты халықаралық конференция өтті. Аталмыш конференцияны Американың атақты ғылыми орталығы - Джеймстаун қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлады АҚШ-ғы ҚР-ның баспасөз қызметі.
None
None

Дүйсенбіде өткен шараға АҚШ-ның әкімшілігінің, Пентагонның, Конгрестің өкілдері, сарапшылар, құқық қорғаушылар, сонымен қатар журналистер мен дипломатиялық корпус қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 200 адамды құрады. Мұндай қызығушылықтың себебі АҚШ-ның мемлекттік хатшысы Х.Клинтон 2011 жылы Үндістанға барған сапарында бастама көтерген АҚШ-тың жаңа өңірлік саясатымен түсіндіріліп отыр. Вашингтон әлемге алғаш рет «Жаңа Жібек жолына» қатысты көзқарастарын білдірді.

Америкалық және халықаралық қоғамға АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Р.Блейк жаңа бастамаға қатысты көзқарастарының мәнін айқындап берді. Аталмыш бастама әртүрлі халықаралық жиындарда, БҰҰ-ның соңғы сессиясы мен жуырда ҚР СІМ-нің басшысы Е. Қазыхановтың қатысуымен өткен Ауғанстан конференциясында да талқыға түсті.

Ортаазиялық мемлекеттердің өкілдері, сонымен қатар ҚР-ның СІМ Америка департаментінің басшысы, ерекше тапсырмалар бойынша елші А.Тәжиев және қазақстандық сарапшы Ф.Кукеева бастамаға қатысты өз қолдауларын білдірді. Олар Орталық Азияда, сонымен қатар Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы сауда-экономикалық және ықпалдастық қарым-қатынастардың одан әрі дами түсуі маңызды екендігін атап көрсетті.

Конференцияға қатысқан ҚР-ның елшісі Е.Ыдырысов «Жаңа Жібек жолына» қатысты Қазақстанның көзқарасын білдірді. Ол өңірде басталып кеткен жұмыс сауда-экономикалық қарым-қатынастың әртараптандырылуына және жаңа сапалы деңгейде өңірлік ықпалдастықтың

Соңғы жаңалықтар