03:27, 01 Шілде 2012 | GMT +5
Вашингтонда температуралық режим 80 жыл бұрынғы рекордтық көрсеткішке жетті
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Кеше АҚШ астанасында және қала маңында ауаның температурасы плюс 40 градусқа жетті, деп хабарлады Лента.ру.

Мұндай аптап ыстық Вашингтонда бұдан 80 жыл бұрын - өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарында болған еді.
Өкімет орындары көбірек су ішіп, кеңірек, ашық түсті киім киюге кеңес беруде. Балтимор қаласының мэрі қалалық бассейндердің жұмысын бір сағатқа ұзартты.