Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде киберқауіпсіздік тақырыбындағы кездесу болып өтті

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Вашингтондағы ҚР Елшілігінде американдық «Шығыс-Батыс» институтының киберқауіпсіздік мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік бастамасы аясында кезекті пікірталастық кездесу болды,
None
None

деп хабарлайды АҚШ-тағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Осындай кездесулер АҚШ-тағы Германия мен Финляндия елшіліктерінде де өткен болатын.

Іс-шараға Конгресс өкілдері, АҚШ Мемлекеттік департаментінің қызметкерлері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. «Шығыс-Батыс» институтының вице-президенті Т.Морган мен Джорджтаун университетінің құқық профессоры Кэтрин Лотрионте негізгі баяндаманы оқыды. Пікірталастың басты тақырыбы кибернетикалық кеңістікті қорғау мен халықаралық құқық мәтініндегі киберқауіпсіздік мәселелері болды.

Іс-шараны ашқан АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов киберқауіпсіздік мәселелеріне халықаралық реттеу орнату қажеттілігін атап өтті.

Киберқауіпсіздік мәселелері жөніндегі елдер арасындағы даилог 2011 жылдың 1-2 маусымы күндері «Батыс-Шығыс» институтының қамқорлығы аясында Лондонда өтетін Жаһандық киберқауіпсіздік мәселелері жөніндегі Екінші саммит аясында жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар