14:28, 28 Ақпан 2025 | GMT +5
Ватерполдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы турнир қожайындарымен кездесіп, 6:21 есебімен ойсырай жеңілді. Қорытынды есеп – 6:21.

Ертең отандастарымыз Жапония құрамасымен, ал 2 наурыз күні Өзбекстанмен шеберлік байқасады.
Азия чемпионатының финалына шыққан қос ұжым шілде айында Сингапурде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық арулар бірінші ойында Сингапур құрамасын 12:6 есебімен жеңсе, екінші ойында да Гонконг құрамасын 25:6 есебімен басым түскен еді.
Жалпы әйелдер арасында су добынан Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг құрамалары сынға түсіп жатыр.