Ватикан жүз жыл бойы сақтаған канадалық үндістердің экспонаттарын қайтарып берді

АСТАНА. KAZINFORM — Рим папасы Лев XIV Канаданың католик епископтарының конференциясы өкілдеріне канадалық үндістерге тиесілі мәдени құндылықтарды қайтарды, деп Ватикан баспасөз қызметіне сілтемей жасай отырып ТАСС агенттігі жазды. 

Ватикан жүз жыл бойы сақтаған канадалық үндістердің экспонаттарын қайтарып берді
Фото: usccb.org

Баспасөз қызметінің хабарламасында:

— Аудиенция барысында Папа Ватикан музейінің этнологиялық коллекциясынан 62 артефактты конференцияға тапсырды, — делінген.

Бұл экспонаттар 1923–1925 жылдар аралығында католик миссионерлері арқылы Римге әкелінген. 1925 жылы олар Ватикан музейіне орналастырылып, шамамен бір ғасыр бойы сақталған.

Ватикан жүз жыл бойы сақтаған канадалық үндістердің экспонаттарын қайтарып берді
Фото: usccb.org

2024 жылы қазан айында The Globe and Mail газеті Оттава мен Римдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Папаның канадалық үндістердің мәдени құндылықтарын католиктік Рождествоға дейін Канадаға қайтару ниеті туралы хабарлаған еді.

Канадалық үндістер бұл құндылықтарды отанына қайтаруға жылдар бойы тырысқан, бірақ сәтсіз қадам болған еді. 

Жағдай тек 2021 жылы өзгерді: Канадада бұрын Рим-католик шіркеуінің қарауына кірген үш үндіс балалар интернаты аумағында мыңнан астам аты-жөні белгісіз кішкентай балалардың қабірі табылды. Бұл жаңалық қоғамды дүр сілкіндіріп, биліктен мектеп аумағын қазуға рұқсат сұралды. Сол кезде Рим-католик шіркеуінен канадалық үндістерден ресми кешірім сұрау ұсынылды, сол кездегі премьер-министр Джастин Трюдо да үн қосты.

2022 жылы Папа Франциск арнайы канадалық интернаттардағы балаларға қатыгездік көрсеткені үшін ресми кешірім сұрайтынын жариялады. Ал 2024 жылы Джастин Трюдо Ватиканға сапары кезінде Пападан канадалық үндістерге тиесілі мәдени құндылықтарды қайтаруды сұраған болатын.

Айта кетейік, қыркүйекте Ватикандағы Әулие Петр алаңында алғаш рет эстрадалық концерт өтіп, Еуропадағы ең үлкен дрон шоуы ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар