Ватиканда алғаш рет әйел губернатор болып сайланды

АСТАНА. KAZINFORM - Рим Папасы Франциск италиялық ток-шоуда Ватикан үкіметінің басшысы лауазымына монах Раффаэла Петрини тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды DW.

Ватикан губернатори илк бор аёл бўлади
Фото: pixabay.com

Рим Папасы Франциск наурыз айында монах Раффаэлла Петриниді Ватиканның губернаторы етіп тағайындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қала-мемлекет құрылғаннан бергі соңғы 96 жыл ішінде бұл қызметті тек ер адамдар атқарып келді. Губернатор - Рим Папасының атынан билік жүргізетін іс жүзінде үкімет басшысы. 2021 жылдан бастап Петрини Ватикан губернаторлығының бас хатшысы қызметін атқарды. Ол үкімет басшысы ретінде архиепископ Фернандо Вергес Альзаганың орнын алмастырады. Ол 2025 жылдың 1 наурызында 80 жасқа толады.

Бұған дейін Ватикан 88 жастағы Рим Папасы Францисктің денсаулығы туралы мәлімдеме жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар