Вайоминг штатында құс тұмауының алғашқы жағдайы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Вайоминг денсаулық сақтау департаменті жұма күні адамда H5N1 құс тұмауының алғашқы жағдайын анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлайды.

— Әйел басқа штатта ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығында кінәрат бар. Науқас вирусты үй құсынан жұқтыруы мүмкін, - деді Вайоминг штатының санитарлық дәрігері Алексия Харрист.
Өткен жылдың сәуір айынан бері АҚШ-та 70-ке жуық адам құс тұмауын жұқтырған, олардың бірі қайтыс болған. Жұқтыру жағдайларының көпшілігі ауру құспен немесе сиырмен байланыста болған ферма қызметкерлері арасында болды.
Алайда АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) халыққа жұқтыру қаупі төмен екенін айтты.
Күні бұрын АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлардың денсаулығын сақтау жөніндегі Zoetis компаниясына құс тұмауына қарсы вакцинаны құс етінде қолдануға шартты түрде рұқсат берді.
Бұған дейін АҚШ-та құс тұмауынан алғашқы адам өлімі тіркелген еді.
Ғалымдардың болжауынша, жақын арада тұмау вирусы жаңа пандемия тудыруы мүмкін.