Ведомстволық наградалардың жобаларын әзірлеу қағидалары дайын болды

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың соңына қарай «Ведомстволық наградалардың ақпараттық жүйесі» платформасы пилоттық режимде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

награда
Фото: акимат Актюбинской области

- Әскери, арнаулы, құқық қорғау және орталық атқарушы органдарына арналған 159 ведомстволық награда тіркелген. Бүгінде ведомстволық наградалардың мәртебесі, дәрежесі, оларды тағайындау және марапаттау тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарылығымен, Үкімет деңгейіндегі бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалған, - деп атап өтеді министрліктен агенттік сауалына орай.

Бүгінде министрлік ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың жобаларын әзірлеу кезінде геральдикалық белгілерді сақтау, реттік нөмірлерін енгізу, оның дизайны мен тағандарын тіктөртбұрыш пішінде болу және тағы басқа талаптарды енгізе отырып, «Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасы дайындаған. 

- Бүгінде қағидалар жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде. Сондай-ақ, министрлік «Ведомстволық наградалардың ақпараттық жүйесі» платформасын әзірлеп жыл соңына дейін пилоттық режимде пайдалануға енгізуді жоспарлауда, - деді ведмостводан.

Елімізде ведомстволық наградалардың бірыңғай стандарты және тізімі әзірленетіндігін жазған едік.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен - 87, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысымен 72 ведомстволық награда тіркелген.

Соңғы жаңалықтар