Велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған - Атырау

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 3 тамызда Атырау қаласында есірткі тасымалдаушы ұсталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінен 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол велисипед жылдамдығын арттырып, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған. Алайда, патрульдік полиция қызметкерлері күдіктінің қашып кетуіне мүмкіндік бермеді. Тінту кезінде одан құны 1,1 млн теңгені құрайтын 40 қара полиэтилен пакетке салынған мефедрон синтетикалық есірткісі табылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар