Велоспорттан Азия чемпионаты: Алматыда жолдар жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді.

Чемпионат Азии по велоспорту в Алматы
Фото: freepik.com

Алматы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

6-12 маусым аралығында кейбір көшеде жол қозғалысына шектеулер енгізіледі.

6, 7, 8 маусымда сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін Б.Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта «Алматы Арена» кешенінен Сайын көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

9, 10, 11, 12 маусымда:
Б.Момышұлы көшесінің батыс жағындағы жол бойы «Алматы Арена» кешенінен Алматы индустриялық аймаққа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жолдарды жабу кестесі:

9 маусым 09:00–ден 18:00–ге дейін;
10 маусым 07:00–ден 11:00–ге дейін; 12:00–ден 16:30–ға дейін;
11 маусым 07:00–ден 13:00–ге дейін;
12 маусым сағат 9:00–ден 14:30–ға дейін.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар