Велоспорттан ҚР чемпионының өліміне себепкер болған жүргізуші шартты мерзімге сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған Р.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
None
None

Іс материалдарынан 2016 жылғы 22 сәуірде Р. «Камаз 5511» маркалы жүк көлігін Айша-бибі ауылына қарай жүргізіп келе жатып,  жолдың шетінде кетіп бара жатқан екі велосипед жүргізушілерін қағып кеткен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан 1998 жылы туған велошабандоз Г.Хаджидурсын-оглы оқиға орнында қайтыс болған, ал 1998 жылы туған Ә.Көшербаев әр түрлі дене жарақаттарымен Тараз қалалық № 1 ауруханасының «жансақтау» бөліміне түскен.

Істі сотқа дейін тергеп-тексеру барысында күдікті Р. өзінің көрсетілген қылмысты жасағанын толығымен мойындап, қылмыспен келтірілген материалдық және моральдық зиянның мөлшерін өтеп, жәбірленушілердің кешірімін алған. Сондықтан да күдікті мен прокурор арасында процессуалдық келісім жасалған. 

Сот үкімімен Р. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, шартты түрде екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар