Вена: Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесінің үстіміздегі жылғы алғашқы отырысы болып өтті

ВЕНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 15-інде Венада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесінің үстіміздегі жылдың алғашқы отырысы болып өтті. Тұрақты кеңес - ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекеттің өкілдері осы шеңберде апта сайын саяси сұхбат пен шешімдер қабылдау үшін жиналатын орган болып табылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкілдігіне сілтеме жасап. Бейсенбі күні өткен отырыс ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасының қызметіне кіріскен, Грекияның Сыртқы істер министрі Дора Бакояннидің сөйлеген сөзімен ерекшеленді. Министр өз елінің Ұйымға төрағалық ететін кезеңдегі басымдықтармен таныстырды. Қазіргі заманғы жағдайда ЕҚЫҰ Еуро-атлантикалық және еуразиялық өңірлерді қамтитын, жалпы құндылықтарға, келісілген міндеттемелер мен жеке бастың іргелі қадір-қасиетіне негізделген, қауіпсіздіктің бірегей, биік мақсатты тұжырымдамасына ие болып отырған бірден бір аймақтық форум екені атап көрсетілді. Өзінің қазіргі жағдайында ЕҚЫҰ Еуропадағы өзгеріп отыратын геосаяси сын-талаптарға сәйкес әрекет етуге қабілетті. Д.Бакоянни 2008 жылғы тамыздағы кавказ дағдарысын «бір мезгілде қатер әрі мүмкіндік» деп атады. «Бұл дағдарыс бізді жайбарақат жай-күйімізден серпілтті және жұмысымыздың әлі аяқталмағанын еске салды. Сондықтан ол бізге тағы бір рет өзіміз жасаған тетіктерге көз салуымызға, өзімізді келісілген міндеттемелерімізді толық орындауға арнауға, сондай-ақ бөлінбейтін қауіпсіздікті құру жолында жаңа жолдарды қарастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті төраға. Министр «тұйыққа тірелген» жанжалдарды бейбіт шешуді және ЕҚЫҰ-ның құқықтық мәртебесін жетілдіруді қоса алғанда, төрағалықтың алдағы жылғы басымдықтарын белгілеп шықты. Бұл ретте грек төрағалығы 2009 жылы басшылыққа алатын, өзара үндесетін «Үш S» деп аталатын үш өзекті идеяны бөліп қарайды ? «Синергия, Стратегия және Симметрия». Бұл өз кезегінде: - кооперативті, бөлінбейтін және жан-жақты қамтитын қауіпсіздікті алға жылжыту үшін барлық қатысушы мемлекеттердің арасындағы синергияны, яғни бірдей іс-қимыл жасауды іздестіруді; - ЕҚЫҰ кеңістігінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті және ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі тиімдірек ортақ жолдарды табу стратегиясын жасауды; - «ассиметриялық қауіптермен» және ескі қатерлермен жұмыс барысында күш-жігерлердің симметриясын, яғни бірдей орналасуын қамтамасыз етуді білдіреді. ЕҚЫҰ қызметіндегі әскери-саяси өлшемдегі басымдықтарға ЕҚЫҰ-ның терроризмге қарсы күрестегі, шекара қауіпсіздігіндегі және полиция қызметіндегі, бұған Ұйымның әріптес елі Ауғанстанмен ынтымақтастықты қоса алғанда, міндеттемелерін іске асыру кіреді. Экономикалық-экологиялық өлшемде төрағалық көші-қон қатерлеріне, сондай-ақ экологиялық қатерлердің аспектілерін шешуге көңіл аударады. Басты назарда сондай-ақ «ЕҚЫҰ-ны жасылдандыру», яғни Ұйым шеңберінде экологиялық орнықтылықты ілгерілету тұратын болады. Қауіпсіздіктің адами өлшеміндегі басымдықтарына өңірдегі заңның үстемдігін нығайту, гендерлік теңдік, төзімділік пен кемсітпеушілікті нығайту жатады. Д.Бакоянни сонымен бірге аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін әлемдік дағдарыстың теріс салдарын азайтуға ЕҚЫҰ-ның қатысуы тиіс екендігін атап көрсетті. Грек төрағалығының басымдықтарына қолдауын білдірумен Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов сөз сөйледі. Грекияның «тұйыққа тірелген» жанжалдардың шешімін табу жөніндегі күш-жігерлері мен ЕҚЫҰ-ның барша кеңістігіндегі сенім шараларын нығайтуға бағытталған басқа да бастамаларын Қазақстанның қолдайтыны атап көрсетілді. Ұйым Үштігінің мүшесі болған Қазақстан грек төрағалығына қауіпсіздіктің барлық үш өлшеміндегі басымдықтарын іске асыруға жәрдемдесуде бүкіл күш-жігерін жұмылдырады. Осының алдында тәжірибелі қазақстандық дипломат, Елші Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі болып тағайындалды. Жеке өкіл ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен оның институттарының кемсітушілікке қарсы күрес саласындағы және төзімділікті нығайтудағы міндеттемелерін орындауы жөніндегі күш-жігерлерін үйлестіруге жәрдемдесетін болады.
Соңғы жаңалықтар