Венада атыс болып, екі адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Венада (Австрия) Форгартенштрассе ауданында болған атыс салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Австрия баспасөз агенттігінің хабарлауынша, атыс пәтерде және көшеде болған. Күдікті полициядан қашпақ болған, кейінірек оның денесі табылды. Ал пәтерден әйел адамның денесі табылды.
Полиция қоғам үшін қауіп жоқ екенін және тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, биыл маусымда Австрия мектептерінің бірінде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты. Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды. Кейінірек атысты ұйымдастырған адамның кім екені анықталды.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, атқыш бұл шабуылды мұқият жоспарлап, мектептегі қанды оқиғаны әдейі жүзеге асырған. Кейін оның үйінен қоштасу хаты мен істен шыққан қолдан жасалған бомба табылды.