09:07, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Венада бүгін ОПЕК елдері өкілдерінің кездесуі өтеді
ВЕНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы мемлекеттер картеліне (ОПЕК) мүше елдердің өкілдері бүгін, мамырдың 28-інде Австрия елордасына кезектен тыс кездесуге жиналады.
Олардың бас қосудағы міндеттері - әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды сараптау және әділ әлемдік бағаны қалыптастыру үшін мұнай өндірісін қысқартуға негіз бар-жоқтығын талқылау болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін ОПЕК елдері тарапынан жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында мұнай баррелі бағасының 50 долларға дейін төмендеуімен келісуге әзірлік білдірілген болатын. Бірақ олардың пікірінше, барлау және жаңа кеніштерді игеру мақсатында мұнай саласына келіп жатқан инвестициялар ағынын қолдау үшін мұнай баррелінің бағасы ең аз дегенде 75-80 долларды құрауы керек.