Венада ЕҚЫҰ аясында адами өлшем жөнінде кеңес өтті

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Венада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының ұйымдастыруымен «Білім беру және ақпараттық-насихаттау бастамалары арқылы жек көрушілік негізінде нәсілшілдік пен ксенофобияның пайда болуының алдын алу» тақырыбында халықаралық кеңес болып өтті,
None
None

деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы өзекті мәселелер жөніндегі пікіралмасуға белсенді ат салысқан Қазақстан делегациясын Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңес мүшесі Валерий Вишниченко бастап барды.

В.Вишниченко жиналған қауымды ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі және оның ерекшелігі туралы хабардар етті. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Қазақстанда өткені айтылды. Парламент өкілі сондай-ақ ақпарат саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбын қозғады.

Кеңес аясында ЕҚЫҰ жанындағы ҚР-дың Венадағы өкілдігі ұйымдастырған «Жаңа онжылдықтағы толеранттылыққа» атты іс-шара өтті.

Соңғы жаңалықтар