Венада Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» болып өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат – Өткен сәрсенбіде Венада ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қолдауымен «EU-Central Asia Monitoring (EUCAM)» бірлесіп «Eurasian Transition Group» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Болып өткен «дөңгелек үстел» батыстық сарапшылар өткізетін алдағы уақытта Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға басшылық етуі мәселелері бойынша семинарлар сериясының кезекті іс-шарасы болып табылады. Төрағалық ету мерзімі жақындаған сайын Ұйымның күн тәртібіндегі шешуші мәселелері, аймақтық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары бойынша Қазақстанның ұстанымына деген қызығушылық арта түсуде. Бұл тұрғыдан осындай іс-шаралар ақпараттандыру және парламентарийлер, сарапшылар, дипломаттар және журналистер арасындағы ресми емес пікірталастар үшін маңызды құрал болып табылады.ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкіл Қайрат Абдрахманов төрағалыққа даярлықтың барысы, ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттермен және институттармен іс-қимылдарды үйлестіру туралы негізгі баяндама жасады. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, профессор Камал Бұрхановтың және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті Питер Шидердің қатысуы қызығушылықты айтарлықтай арттыра түсті.Қазақстанның өзара тиімді шешімдерге бағытталған тең құқылы диалог идеясын ұстанатыны аталды. Батыс және шығыс өркениеттерінің тоғысында бола отырып Қазақстан тәуелсіздіктің аз уақыты ішінде аймақтық ұйымдар мен бірлестіктерге, атап айтқанда АӨІСШК-ке, ШЫҰ-ға, ТМД-ға төрағалық етуде қомақты тәжірибе жинаған. Еуроодақтың Қазақстанмен және Орталық Азиямен ынтымақтастықты дамытуына айрықша көңіл бөлінді. Батыс сарапшылары қазақстандық экономикалық үлгінің орнықтылығын атап айтты. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, «Қазақстанның төрағалық етуі ЕҚЫҰ-ға жаңа тыныс беруге, осы беделді форумның соңғы отыз жыл ішінде жинақталған тетіктерін одан сайын нығайта түсуге арналған».
Соңғы жаңалықтар