Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

None
None
ВЕНА. ҚазАқпарат – Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының, көшірмелері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша балалардың суреттері ұсынылған.

Көрмеде полигонның қызметіне және жабылуына қатысты бейнероликтер мен сирек кездесетін фотосуреттер, сонымен бірге полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде.



Соңғы жаңалықтар