17:26, 04 Қараша 2016 | GMT +5
Венадағы Австрия парламентінің ғимараты отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венадағы Австрия парламенті ғимаратының шатырында өрт болды.

Австриялық Heute басылымының хабарлауынша, нысан жергілікті уақыт бойынша 7:00-де жана бастаған.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі сәтте өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді, деп жазады russian.rt.com.