Венеция комиссиясының төрағасы референдумды өткізуден бас тарту туралы Н.Назарбаевтың шешіміне өз қолдауын білдірді

БРЮССЕЛЬ-СТРАСБУРГ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - «Құқық арқылы демократияға» Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) төрағасы Джанни Букиккио Страсбургте Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы Елшісі,
None
None

Еуроодақ және НАТО жанындағы миссиялардың басшысы Ерік Өтембаевпен болған кездесуде референдумнан бас тарту туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне өз қолдауын білдірді.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың референдум өткізу туралы түйінді мәселені Конституциялық кеңестің қарауына жолдап, дұрыс шешім қабылдағанын, ал Кеңес өз кезегінде, сайлау өткізуге қатысты халықаралық конституциялық стандарттарға толық сәйкес келетін шешім қабылдағанын қуанышпен айтқым келеді.

Жеке өзімнің және Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократияға» комиссиясының атынан Президент Н.Назарбаевтың осы шешіміне қанағаттанғандығымды жеткіземін», - деді Дж.Букиккио қазақстандық дипломатпен болған кездесуде.

Соңғы жаңалықтар