Венециялық биенналеде тұңғыш рет қазақстандық павильон ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венециялық биенналеде тұңғыш рет қазақстандық павильон ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Венециялық биенналеде алғаш рет ресми түрде қазақстандық павильонның жұмысы ұйымдастырылады», - деп атап өтті министр.

Венециялық биеннале - әлемдік өнер сахнасының ең беделді форумдарының бірі. Екі жылда бір ұйымдастырылатын көркем көрмеде халықаралық деңгейдегі қазылар төрелік етеді. Қатысушы мемлекеттердің павильондарында сол елдің өнерін паш ететін дүниелер ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар