Венесуэла қарулы күштері екі белгісіз ұшақты атып түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла қарулы күштері елдің әуе кеңістігіндегі ережені бұзған екі белгісіз ұшақты атып түсірді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде елдің қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес хабарлады.
None
None

Министр жеңіл моторлы ұшақтан қалған бөлшектердің суретін көрсеткенімен, экипаж мүшелерінің тағдыры жайлы сөз қозғамады.

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясы 2012 жылдың мамырында әуе кеңістігін қорғау туралы заң қабылдаған. Оған сәйкес қарулы күштер әскери ұшқыштардың ұшақты қондыру талабын орындамаған жағдайда оны жаруға құқылы. Содан бері венесуэлалық әскерилер әуе кеңістігін бұзған жеңіл моторлы ұшақтарға үнемі оқ жаудыруда. Ұшқыштардың ұшақты қондырудан бас тартқанына қарағанда, олар әуе көліктерімен Колумбиядан Орталық Америка немесе Мексикаға есірткі тасымалдаған деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар