Венесуэла Қазақстанның заңнамалық қызметтегі тәжірибесіне қызығушылық танытуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венесуэланың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аменотеп Замбрано Контраресті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
None
None

Елшіні қызметімен құттықтаған Мәжіліс Спикері Венесуэла Қазақстанның Латын Америкасындағы келешегі зор әріптестердің бірі екенін атап өтті.

Қ.Жақыпов мейманға елімізде өткен Президент сайлауы туралы, Мәжілістің заң шығару қызметі жайында әңгімелеп берді. Әсіресе, парламентшілердің Елбасының 5 институционалдық реформасын заңнамалық қолдау жолында атқарып жатқан жұмыстарына баса көңіл бөлді.

А.Замбрано Контрарес қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы басым жеңісімен құттықтады. Елші екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын сөз еткенде, Венесуэланың біздің еліміздің түрлі саладағы, соның ішінде, заңнамалық қызметтегі тәжірибесіне деген қызығушылығын білдірді.

А.Замбрано Контрарес қазақстандық депутаттарды осы жылы Венесуэлада өтетін парламенттік сайлауға байқаушы ретінде келуге шақырды. Осы ретте Елші Мәжіліс Төрағасына парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті. Кездесу иелерінің пікірінше, бірлескен жұмыс қос мемлекеттің халықтарының игілігін арттыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар