Венесуэла Қорғаныс министрі қызметіне алғаш рет әйел тағайындалды

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Николас Мадуро жаңа Қорғаныс министрі қызметіне әйел адамды, адмирал Кармен Мелендесті тағайындады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
None
None

Әскери ведомствоның жаңа басшысын тағайындау салтанаты Уго Чавестің денесі салынған тас табыт орналасқан Каракастағы Революция мұражайында өтті.

"Мұнда, командантенің сүйегі орналасқан жерде, мен жаңа Қарулы күштер қолбасшысының есімін атаймын, - деді Н.Мадуро елдің барлық телеарналары көрсеткен тікелей эфир барысында. - Ел тарихында алғаш рет әйел адам Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалады: бұл Мелендес, туған еліміздің солдаты".

51 жастағы Кармен Тереса Мелендес Ривас Қарулы күштер қатарына әйелдерге армияда қызмет етуге алғаш рұқсат етілген - 1979 жылы қабылданды. Әскери білімнен бөлек, оның экономика саласында ғылыми дәрежесі бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум