02:46, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Венесуэла оппозициясы Уго Чавес бастаған әлеуметтік бағдарламаларды жалғастырмақ
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Энрике Каприлес елдің екі штатында сайлауалды митинг өткізді. Бұл жайында ВВС-дің орыс қызметі хабарлап отыр.

Осы шаралардың бірінде Каприлес ел үкіметін қылмыстың өсуі мен экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты айыптады.
Сонымен қатар ол мемлекет басшысы болып сайланған жағдайда бұрынғы президент Уго Чавес бастаған әлеуметтік бағдарламаларды қолдауды жалғастыратынына уәде берді.
Э. Каприлес басқарушы партияның атынан президенттікке үміткер Николас Мадуро Чавестің мәртебесін жамылып, бұл басымдықты пайдаланудан аулақ болуы тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, Венесуэланың жаңа президентін сайлау 14 сәуірге белгіленіп отыр.