14:45, 03 Қаңтар 2026 | GMT +5
Венесуэла президенті жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланды — Трамп
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Венесуэлаға және оның көшбасшысы, президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Нәтижесінде Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
— Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді, — деп жазды Трамп.
Сондай-ақ АҚШ президенті Венесуэладағы жағдайға қатысты баспасөз конференциясы өтетінін хабарлады. Ол 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:00-де Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді.
Бұған дейін CBS News Дональд Трамптың Венесуэла нысандарына соққы жасау туралы бұйрық бергенін хабарлаған еді.