Венесуэла репатриациялық рейстердің кезекті легін қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэла АҚШ-тан мигранттар үшін репатриациялық рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды Синьхуа.

Венесуэла сенбіде АҚШ үкіметімен өз азаматтары үшін репатриациялық рейстерді қайта бастау туралы келісімге келгенін жариялады. Белгілі болғандай, келесі рейс жексенбіге жоспарланған.
Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының /Парламентінің төрағасы және АҚШ-пен келіссөз жүргізетін басты өкіл Хорхе Родригес мемлекет «адам құқықтары сақталған кезде отандастарының елге оралуына» кепілдік беретін келісім жасасқанын айтты.
Рейстердің қайта жандануына АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатына байланысты шиеленістің күшеюі түрткі болды. Венесуэла жақында болған жаппай депортацияларды сынға алып, Сальвадорда ұсталған 200-ден астам венесуэлалық мигранттарды тиісті құқықтық процедурасыз босатуға шақырды.
— Көші-қон — қылмыс емес, — деп атап Родригес атап өтті. — Біз қайтып оралғысы келетіндердің бәрі үйде болғанша және Сальвадордағы ұрланған бауырларымызды құтқарғанға дейін тынышталмаймыз.
Айта кетейік, репатриациялық рейстер 8 наурызда Дональд Трамп Венесуэладағы америкалық Chevron энергетикалық компаниясының лицензиясын жою туралы шешім қабылдағаннан кейін тоқтатылды.
Бұдан бұрын Трамп Венесуэланың «заңсыз мигранттар мен қылмыстық топ мүшелерін» қабылдауға келіскенін мәлімдеді.