Венесуэла соты Аргентина президентін қамауға алуға ордер берді

АСТАНА. KAZINFORM – Венесуэла соты Бас прокуратураның Құрама Штаттардың Буэнос-Айресте орналасқан Emtrasur ұшағын тәркілеу ісі бойынша Аргентина президенті Хавьер Милейді қамауға алу ордерін беру туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Хавьер Милей Аргентина президенті қызметіне кірісті
Фото: Gustavo Gavotti/infobae.com

«Каракастың бірінші деңгейлі соты Бас прокуратураның азамат Хавьер Милейге қатысты тергеу жүріп жатуына байланысты оның бас бостандығын шектеу жөніндегі шара қабылдау жөніндегі ұсынымын мақұлдады»,- делінген Жоғарғы сот жариялаған қаулыда.

Венесуэланың бас прокуроры Тарек Вильям Саабтың 18 қыркүйекте хабарлауынша, ол өзі басқаратын ведомство Милейді, оның әпкесі әрі президент кеңсесінің бас хатшысы Карина Милейді, сондай-ақ Аргентина қауіпсіздік министрі Патрисия Буллричті қамауға алуға ордер сұратып жатыр.

Венесуэла бас прокурорының айтуынша, олар «ауырлататын мән-жайлары бар ұрлық» үшін айыпталып отыр. Аргентина СІМ Милейге қатысты тергеуді негізсіз деп атады, өйткені ұшақты АҚШ-қа беру туралы шешімді Аргентина соты қабылдаған.

2022 жылдың маусымында сот 5 Иран азаматы мен 14 Венесуэла азаматы отырған Emtrasur ұшағы экипажына елден шығуға тыйым салуына байланысты Буэнос-Айрестен ұша алмады. Шектеу шарасы олардың лаңкестермен байланысын тексеру үшін жасалды. Олардың барлығы кейіннен босатылды.

Әуе кемесі мен экипаж ұсталғаннан кейін АҚШ-тың Әділет министрлігі Аргентина билігінен АҚШ санкцияларының астындағы ирандық Mahan Air әуе компаниясынан алынған Emtrasur ұшағын тәркілеуді сұрады. Қаңтар айының басында Аргентина соты америкалық әділ cоттың ұшақты беру туралы өтінішін қанағаттандырып, 12 ақпанда ол кейіннен пайдалану үшін Флоридаға жеткізілді.

Бұған дейін Доминикан Республикасында Венесуэла президенті Николас Мадуро пайдаланған Dassault Falcon 900EX ұшағы тәркіленгені хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар