Венесуэла тек Америка тауарын сатып алады - Трамп

АСТАНА.KAZINFORM - Дональд Трамп АҚШ пен Венесуэла арасындағы сауда-экономикалық байланыстың кеңейетінін жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Венесуэла будет закупать только американские товары - Трамп
Фото: tdsecurities.com

- Венесуэла біздің жаңа мұнай келісімінен түскен қаражатқа тек америкалық тауар сатып алуды көздеп отыр. Бұл сатып алуларға, басқалармен қатар, америкалық ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ дәрі-дәрмектер, медициналық жабдықтар және Венесуэланың электр желісі мен энергетика секторын жақсартуға арналған америкалық жабдықтар кіреді. Басқаша айтқанда, Венесуэла АҚШ-пен негізгі серіктес ретінде бизнес жүргізуге міндеттеледі. Бұл - Венесуэла мен АҚШ халқы үшін дұрыс таңдау және өте жақсы шешім. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рахмет, - деп жазды Дональд Трамп TruthSocial-да.

Бұған дейін Венесуэла АҚШ-қа 30-дан 50 миллион баррельге дейін жоғары сапалы мұнай жеткізетіні хабарланған болатын, оның сатылымын АҚШ президенті бақылайды және Венесуэла мен АҚШ халқының игілігі үшін пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар