Венесуэлада президенттік сайлау өтті

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - 14 сәуір күні Венесуэлада президенттік сайлау өтті, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі.
None
None

Ел халқы алдағы алты жылда мемлекеттің тізгінін ұстайтын болатын басшыны таңдады.

Елде барлығы 13,6 мың сайлау учаскесі құрылды, тағы 300-ден астам учаскі шет елдерде жұмыс істеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сайлау күні 141 мың әскери қызметші тартылды.

Венесуэлада дауыс беру құқығына 18,9 млн.-ға жуық адам ие.

Сайлауға жеті үміткер тіркелді, бірақ байқаушылардың бағалауы бойынша, олардың тек екеуінде ғана жеңіске жету мүмкіндігі бар: олар президенттің (ред. - Уго Чавестің) міндетін атқарушы Николас Мадуро және оппозициядан кандидат Энрике Каприлес.

Еске салайық, Венесуэла басшысы Чавес ауыр сырқаттан кейін көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум