Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Елдің Денсаулық сақтау министрі Карлос Альварадо мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды VTV телеарнасы. 

в
Фото: Report

24 маусымда 7,2 және 7,5 балдық екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға, ал жарақат алғандар саны 4300 адамға жетті.

Ең ауыр жағдай Ла-Гуайра штатында болды. Онда ондаған ғимарат қирады. Президенттің міндетін атқарушы Делси Родригес аймақты апат аймағы деп жариялады.

Осыған дейін Біріккен ұлттар ұйымы Венесуэлаға көмек көрсету үшін халықаралық қауымдастықты бұрын-соңды болмаған деңгейде жұмылуға үндегенін жаздық. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.