19:57, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Венгрия шекарадағы қоршау босқындар легін азайта алмай отырғанын айтып, дабыл қағуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрия полициясы босқындарға Сербия мен екі ел арасында тікенек сымнан жасалған қоршау бөгет бола алмай отырғанын айтып, дабыл қағуда, деп жазады Би-би-си.

Қаңтар айында 550 босқын шекараны бұзып өтіп, Венгрия аумағына енген. Ақпан айының алғашқы 20 күнінде олардың саны 1200-ден асып жығылған.
Венгрия биіктігі метр болатын бұл қоршауды 2015 жылдың қыркүйек айында тұрғызған. Бұл еуроодақтың оңтүстік шекарасынан келіп жатқан бақылаусыз босқындар легін реттеу үшін жасалған амал болатын. Одан бері ЕО-ның алты елі осындай қадамға барған еді.
Босқындардың көбі Пәкістан, Иран, Марокко және басқа да елдерден келіп жатыр. Олар ЕО-да босқын статусын алуға үмітті.
2015 жылы ЕО елдеріне 1 миллионнан астам босқын келген.