Венгрияда экологиялық апат болды

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Венгрияның Веспрем ауданында қызыл шлам сақтайтын сұйық қойма бұзылды. Бұл глинозем өндіру барысында қалыптасатын тұнба, оның құрамында темір оксиді бар, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
None
None

Нақты деректерге сүйенсек, екі адам қаза тауып, үш адам із-түссіз жоғалып кеткен, 60 адам қатты жарақаттанып, оның ішінде тоғыз адамды күйік шалған. Құтқару операциялары жүріп жатыр, әскер күші тартылған. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз мекендерге көшірілуде.

Сұйық қоймадан кем дегенде 700 мың текше метр уытты зат төгілген. Қызыл сұйықтық ішінара жақын жердегі үш ауылға ағып, темір жолды басып қалған. Бұл оқиға салдарынан тіпті теміржол қатынасы тоқтап тұр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум