Венгрияда еліміздің бизнес саласының мүмкіндіктеріне арнаған конференция өткізілді
Конференцияға венгр және шетелдік сауда, машина өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп, қызмет көрсету мен туризм саласының компаниялары өкілдері мен Италия, Чехия, Словакия, Румыния мен Польшаның Дьендьешпен бауырлас қалалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының делегациясы қатысты.
Шара барысында, қала мэрі Ласло Фараго, Хевеш облыстық Сауда-өнеркәсіптік палатасының басшысы Петер Бари, Туристік менеджмент орталығының төрағасы Ласло Коша, сонымен қатар шетелдік делегация басшылары өз мекендері мен өндірістерінің мүмкіндіктерімен қатысушыларды таныстырып, нәтижесінде араларында бірнеше уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Конференция шеңберінде, Жетісай қ. мен Дьендьеш қ. басшылары «Бауырлас қалалардың арасындағы достық қатынастарды дамыту туралы» ниеттер хаттамасына қол қойып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және іскерлік байланыстарды өзара теңдік пен тиімді түрде дамытуды қолға алды.
Сонымен қатар, Конференцияға қатысушылар, Қазақстанның құрылыс, мұнай-газ, қызмет көрсету мен туризм салаларының, сондай-ақ еркін экономикалық аймақтардың ұсынатын мүмкіндіктерімен танысып, «Жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасымен жіті ақпараттандырылды.