Венгриядағы Астана көшесіне Абай ескерткіші орнатылды - ФОТО
Іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында өтті. Облыстың жас дарын иелері Абай әндерін венгр тілінде орындады. Белгілі болғандай, 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстан атақты жерлесінің мүсінін дайындап, Венгрияға жіберу міндетін өзіне алған.
Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі 1070 мм, ені - 900 мм. Айтқандай, қазақтың бас ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіштер Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Витебскіде, Тегеранда және Ыстамбұлда орнатылған, Лондонда Абай үйі ашылды.
Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық Хайду-Бихар (Венгрия) муниципалитеті арасындағы жұмыс сапары барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.