12:01, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Венгрлік әуе компаниялары «Будапешт-Астана» бағыты бойынша тұрақты рейс ашуға ниет білдірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Венгрия биліктері ел астаналары арасында әуе көлігінің ұшуын құптады. Бұл туралы жақында Будапешт қаласында өткен Венгрия-Қазақстан Үкіметаралық комиссия отырысының барысында бегілі болды, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында тараптар қос елдің астанасы арасында тікелей әуе рейсін ашу қажет деп шешті.
Жақын арада екі елдің авиациялық қызметі аталған мәселе бойынша келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.
«Біз аталған рейстің ашылуын құпаймыз. Жақын арада елдеріміздің арасындағы қолданыстағы Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісімді жетілдіру мәселелерін талдау мақсатында венгриялық әріптестерімізбен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.