Верификацияның жаңа ережесі: Елімізде 12 млн құрылғы заңдастырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа ережесі аясында қанша смартфон верификациядан өткенін айтты.

л
Фото: pixabay

Оның айтуынша, верификация басталғалы бері 12 миллион құрылғы заңдастырылған.

— Барлығына «ойын ережелері» түсінікті болу үшін арнайы уақыт берілді. Біз бәрін жаңадан бастаймыз, елге әкелінген барлық смартфондар заңдастырылуы керек. Осыған дейін 12 миллион құрылғы тіркелді. Олар қоймалардағы, дүкендердегі барлық телефондар", – деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, Wi-Fi роутерлер, арзан смарт-сағаттар мен M2M құрылғылары сияқты техника түрлері тегін верификациядан өтеді.

- Бұл – ақпараттық жүйе, бағдарламалық қамтамасыз ету. Сертификаттар мен аккредитациялар алу үшін мәліметтер базасына тұрақты қолжетімділік болуы керек. Олар белгілі бір құрылғыларда, серверлерде орналасуы қажет. Бұған қоса, компания салық төлейді. Біз мұның белгілі бір шығындарды талап ететінін түсінеміз, – деді ол.

Жыл басында елімізде смартфондарды тіркеу ережесі өзгеретіні хабарланды

Кейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі смартфондарды тіркеудің жаңа ережесі не үшін қажет болғанын түсіндірді

Одан соң қазақстандықтарға смартфонды ресми тіркеуге екі ай уақыт берілді.

Соңғы жаңалықтар