Ветеринарлық пункттер әрбір ауылдық округте болуы тиіс - А.Нұралиев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таяудағы бірнеше жылдың ішінде Жамбыл облысында 150-ден астам ветеринарлық пункттер ашу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Ауыл шаруашылығы ведомствосында түсіндіргендей, Қырғызстан Республикасымен шектес Жамбыл облысына ветеринарлық бақылау халықаралық талаптарға сәйкес бола бермейтін көрші елден ауру үй малдарының контрабандалық жолмен әкеліну қаупі сейілмей отыр. Сонымен бірге, бірыңғай экономикалық кеңістіктің ықпалдастық үдерістері мал өнімдерінің сапасына талапты күшейте түсуде.

«Осыған байланысты өңірімізде ветеринарлық қызметті дамытуға баса көңіл бөлінуде, ветеринарлық қызметтер үшін жабдықтар мен көліктер сатып алынуда», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Абдалы Нұралиев.

Оның пікірінше, бірыңғай үлгідегі ветеринарлық пункттер әрбір ауыл округінде болуы тиіс. «Осындай алғашқы нысан Байзақ ауданының Талас ауылында салынып, жұмыс істей бастады. Ветеринарлар үшін малдарды толыққанды зерттеуге, препараттар сақтауға барлық жағдайлар жасалған. Таяудағы бірнеше жылдың ішінде Жамбыл облысында 154 ветеринарлық пункттер салынбақ», - деп атап өтті ол.

2014 жылы өңірдің аграрлық секторын дамытуға 8,3 млрд. теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram