Вьетнам компаниясы сатып алған Qazaq Air-дің атауы өзгере ме

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air әуе компаниясының сатылуына қатысты пікір білдірді. 

Qazaq Air resumes flights from Astana to Novosibirsk
Фото: flyqazaq.com

«VietJet әуе компаниясының біздің нарыққа кіруі бәсекелестікті арттыра отырып әуе билетінің құнына әсер етеді. Төтенше жағдайларда Қазақстан аумағындағы барлық объектінің мемлекеттік органдардың бақылауында екенін ретке келтіретін заң бар, яғни төтенше жағдайлар бойынша жеке тәртіп бар», — деді Марат Қарабаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Сондай-ақ, журналистер ведомство басшысынан «Qazaq Air» компаниясының атауы өзгеру мүмкіндігі жайлы сұрады. 

«Бұл жаңа инвестордың еркінде, атау мәселесін өз бетінше шешсін. Бір белгілісі — халықаралық рейстер міндетті түрде болады», — дейді ол. 

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстан Вьетнамның VietJet Air әуе компаниясымен меморандум жасаған еді. 

Соңғы жаңалықтар