Вьетнамда туристік қайық суға кетіп, үш адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Вьетнамның солтүстігіндегі Халонг шығанағында туристік қайық суға кетіп, қаза тапқан үш адамның денесін құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Вьетнамда туристік қайық суға кетіп, үш адам қаза тапты
Фото: freepik.com

— Тағы 22 адам құтқарылды, - деп хабарлайды «Куан Дой Нян Зан» газеті. 

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан. 

— Олардың басты міндеті — адамдардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп атап өтті Халонгтың құзыретіне ие Куангнин провинциясының халықтық комитеті.

Ресми мәлімет бойынша, корпус нөмірі QN-7105 кеменің бортында 53 адам, оның ішінде 48 турист және бес экипаж мүшесі болған. Кенеттен соққан күн күркіреп, екпінді желдің салдарынан кеме аударылып қалды. Табиғи апат туралы ақпарат алғаннан кейін Куангнин провинциясының төтенше жағдайлар қызметі шұғыл іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

Бұған дейін Вьетнам бірқатар қылмыс үшін өлім жазасын алып тастайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар