Вьетнамдық SOVICO Қазақстанға 1 млрд доллар құюды жоспарлап отыр

доллары
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының SOVICO Group Басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен өткізген кездесудің нәтижесі туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысының Сингапурге жасаған іс-сапары аясында SOVICO Group компаниясы басшылығымен кездестік. Жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету мақсатында вьетнамдық компанияға Qazaq Air авиакомпаниясын сату туралы келісімге қол жеткізілді. Оған сәйкес, шетелдік компания бес жыл ішінде Boiеng немесе Airbus маркалы 20 ұшақты қатарға қосуға міндетті. Көп дегенде 50 ұшақ сатып алынады. Сондай-ақ, елімізге тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд долларға жетеді деп күтіліп отыр», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездескенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар