Вьетнамның жаңа президенті сайланды

АСТАНА.KAZINFORM — Вьетнамдық генерал әрі саясаткер Лыонг Кыонга ел президенті болып сайланды, деп жазады Thanh Niên.

Лыонг Кыонг Вьетнамның жаңа президенті болып сайланды
Фото: Vientam News Agency

Осы жылдың 19 шілдесінде бұрынғы хатшы Нгуен Фу Чонг қайтыс болғаннан кейін қазіргі мемлекет басшысы То Ламның биліктегі Коммунистік партияның Орталық комитетінің бас хатшысы болып сайлануына байланысты Вьетнамда президенттік сайлау өтті.

Вьетнамдағы соңғы президенттік сайлау 2024 жылы мамырда өткен болатын. Осылайша, То Лам Вьетнам президенті қызметін бірнеше ай ғана атқарды. Саясаткер мемлекет басшысы қызметін 2026 жылға дейін атқаруы керек еді.

Лыонг Кыонг 67 жаста. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Коммунистік партия Орталық Комитеті хатшылығының тұрақты мүшесі. Саясаткер алдағы екі жылда президент қызметін атқарады.

Соңғы жаңалықтар