VI Азаматтық форум - Елбасы «Қазақстан -2050» стратегиясын жария еткеннен кейін үшінші сектордың алғашқы ауқымды басқосуы

   АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Үкіметтік емес ұйымдар - қоғам мен мемлекеттің арасындағы сенімді көпір. Бұл туралы бүгін VI Азаматтық форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев айтты.
None
None

«Бұл - Елбасы «Қазақстан -2050» стратегиясын жария еткеннен кейін үшінші сектордың алғашқы ауқымды басқосуы. Жиын «Қазақстан 2050» стратегиясы аясында азаматтық қоғамды дамыту жайын талқылайды. Сонымен қатар стратегияның орындалуына үшінші сектордың қосар үлесін айқындауда зор мәнге ие. Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мен мемлекеттің арасындағы сенімді көпір», - деді ол.

Сонымен қатар Б.Майлыбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші секторды дамытуға әрқашан баса назар аударып отыратындығын баса айта келе: «Бұл туралы Елбасы мемлекет пен үшінші сектор өзара әріптестікті нығайту үшін бір-біріне есіктерін айқара ашуы қажет деген еді», - дейді.

Форумның тақырыбы «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы аясындағы Азаматтық қоғам және заманауи сын - қатерлер».

Шараға еліміздің барлық аймақтарынан келген ірі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар