VІ республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауы жарияланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты - жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады.
Байқауды министрліктің Мәдениет комитеті мен «Қазақ әуендері» АҚ өткізгелі отыр.
Бұл шара «Атамекен» (отан, ел, жер, туған өлке туралы әндер); «Аманат» (ұлттық рухани құндылықтар, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, қасиетті пір тұтар бабалар туралы әндер); «Ән сал, сарбаз» (Қазақстанның қарулы күштерінің, Қазақстан Республикасы Президенттік Ұланының, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскерилері туралы әндер); «Елдің ері - Бауыржан» (Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әндер) аталымдарында өтеді.
Байқауға бұрын орындалмаған, қабылданбаған, жарияланбаған және осы белгіленген Ереже талаптарына сай келетін қазақстандық авторлардың жаңа шығармалары қабылданады.
Оған ұсынылатын шығармалар мен қажетті құжаттар 2009 жылғы қарашаның 17-сіне дейін мына мекен-жайға жіберіледі: Астана қаласы, Абай даңғылы, 18, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы. Байланыс телефондары: (87172) 39-04-78, 39-04-81,39-03-32, факс 39-05-14.
Байқауға қатысатын үміткер өз туындысын аудиотаспаға, CD, DVD-дискілерге, немесе мини-дискіге жазылған түрінде, бұған қоса екі дана клавирін, үш дана мәтінін жібереді. Бір авторға байқаудың басқа аталымына қатысуына шек қойылмайды.
Үміткерлер жеке куәлігінің көшірмесін, шығармашылық өмірбаянын, білімі жайындағы куәліктің көшірмесін, СТН, ӘЖК көшірмелерін; оқу орнынан берілген анықтаманың көшірмесін (студенттер мен оқушылар үшін), түрлі-түсті 13 х 18 көлемдегі екі фотосуреттерін жібереді.
Конкурстың шарттары мен өткізілу ережелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Сараптау комиссиясының қорытынды шешімі 2009 жылғы желтоқсанның 22-сінде шығарылып, ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің cайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Конкурс жеңімпаздарына бір бас жүлде - Гран при және лауреат атағы, әр аталым бойынша бір бірінші, бір екінші, бір үшінші жүлде және лауреат атағы және бір көтермелеу жүлдесі және дипломант атағы тағайындалады.
Шығарманың байқау тізіміне кіргені туралы ресми мәлімет 2009 жылғы қарашаның 21-інен бастап Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жарияланады.
Жеңімпаз атанған шығармалардың орындаушылары байқаудың қорытынды гала-концертіне қатысады.