Вице-министр Е. Көшербаев Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, аудан әкімдерінің орынбасарлары, шаруашылық және кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кездесу барысында АШК саласындағы дайындау ұйымдарының қосылған құнын салығын субсидиялау механизмдері түсіндірілді.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың 28 қарашасында Елбасы салық салу мәселесі бойынша «ҚР бірқатар заңнама актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу жөнінде» ҚР Заңына қолға қойған болатын. Осыған орай белгілі бір жағдайда субсидиялау- мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі енгізілді. Вице-министр атап өткендей: «Біздің елімізде әлеуеті жоғары міндеттердің бірі ол қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттың арттыру және олардың өз дайын өнімдерін өндіруге біртіндеп көшіру болып табылады. Осылайша бекітілген ереже өндіруші кәсіпорындардың санын арттырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етпек». Бұл жолғы кездесу диалог түрінде өтті. Кез келген кәсіпорын мен шаруашылық басшысы осы бағытта өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу айтылғандай, аталған құжатқа өзгерістер қатысушылардың қажеттілігін ескере отырып енгізілмек. Мәселен, мемлекеттен субсидия алу үшін бұрынғыдай жылына бірақ рет, яғни, 10 мамырға дейін ғана емес, әр тоқсан сайын жылына 4 рет ауыл шаруашылығы басқармасына өтініш білдіруге болады. Кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров жаңа ереженің Мемлекет басшысының аграрлы салада алға қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруына септігін тигізетінін ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар